Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу

06.02.2023

2023 жылы 3 ақпан күні "Ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: - білім алушыларды құқық бұзушылық салдарының әртүрлі аспектілерімен, заң тұрғысынан және мораль тұрғысынан таныстыру, дұрыс ұстанымды таңдау және оны қорғай білу, заңға бағынатын мінез-құлықты тәрбиелеуге ықпал ету. Әлеуметтік педагог С.Г. Коновалова әңгімелесу барысында студенттердің балағат сөздерді қолдануы туралы өзекті мәселеге тоқталды. ЖПҚБ бастығы полиция майоры Войцеховский Олег Владимирович білім алушылар арасында құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, интернет алаяқтық саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелесу өткізді, студенттерге құқық бұзушылықтардың түрлері, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар және құқық бұзушылықтардың салдары түсіндірілді. Әңгіме соңында әрбір азаматтың құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидаты болуы тиіс екендігі атап өтілді. Әркім басқа азаматтың құқық бұзушылық жасауына жол бермеуі керек, ең бастысы оларды өзі жасамауы керек - деп О.В. Войцеховский атап өтті.



Текст
Виртуальная приемная